Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын тауға шықпауға шақырды. Мамандардың мәліметінше, 1 шілдеде Алматы тауларында сел жүру қаупі күшейген, деп хабарлайды ult.kz.
“Қазгидромет” РМК деректеріне сәйкес, қатты жауын-шашын салдарынан Кіші Алматы өзені алабында сел қаупі жоғары деңгейде.
ТЖД азаматтарға ауа райы тұрақталғанға дейін Іле Алатауына барудан бас тартуды ескертті.
Құтқарушылар қауіпсіздік мақсатында келесі ережелерді сақтауды ұсынады: өзен арналары мен сайларға жақын демалмау, сел қаупі бар аймақтарда шатыр тіспеу, тауда жауын басталса дереу қауіпті аумақтан кету және ресми ақпаратты тұрақты бақылап отыру.