Алматы тауларында 73 жастағы шетелдік турист үш күннен бері іздестіріліп жатыр. Ол 28 қыркүйекте Талғар асуы маңында, шамамен 3200 метр биіктікте жоғалған, деп хабарлайды ult.kz.
ТЖМ мәліметінше, ер адам «Шымбұлақ» арқылы тауға көтерілген топпен бірге барған. Кейін сапарын жалғыз жалғастырып, қалаға өзі түсетінін айтқан. Алайда қонақүйге оралмаған.
Іздеу жұмыстарына 50-ге жуық адам, 8 техника, 7 дрон, 3 кинологиялық топ және «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Полиция, құтқарушылар мен еріктілер де іздеуге қатысып жатыр.
Мамандар тау шатқалдары мен соқпақтарды тексеріп, бейнебақылау жазбаларын қарап, туристерден ақпарат жинауда. Іздеу жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр.