Алматы облысының полициясы Қонаевта 28 жастағы Ресей азаматын полиция қызметкерлері зорлады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ult.kz.
Полиция мәліметінше, әйелдің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікке ілінген екі ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу Алматы облысы ПД Тергеу басқармасына тапсырылды.
Ведомство оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп, күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.
«Күдіктілердің полиция қызметкерлері екені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз», – делінген ПД хабарламасында.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Ресей азаматы өзін Қонаевтағы полиция қызметкерлері топ болып зорлады деп мәлімдеген. Әйел полиция бөлімінде арыз жазуға мәжбүр болғанын және кейін пәтеріне тінту жүргізілгенін айтқан.