Алматы облысында психотроптық зат дайындаған күдікті ұсталды

Алматы облысында психотроптық зат дайындаған күдікті ұсталды
ҰҚК

Алматы облысында синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ult.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, психотроптық заттарды дайындап жатқан жерінде Қазақстан азаматы ұсталған.

Тінту барысында 3 келі психотроптық «а-PVP» заты, кристалдану кезеңіндегі 15 келі өнім, 700 литр прекурсор және арнайы зертханалық жабдық тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-1-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сот санкциясымен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.