Алматы облысында пневмонияға 2,5 мыңнан астам адам шалдыққан

Алматы облысында пневмонияға 2,5 мыңнан астам адам шалдыққан

Алматы облысында 2,5 мыңнан астам тұрғын пневмониямен ауырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы облысында пневмониямен ауырған 2517 науқас тіркелді. Оның 86-ның жағдайы ауыр», - деді өңір әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов тікелей эфирде өткен брифинг барысында.

Сондай-ақ оның сөзінше, бүгінде жалпы халықтың жеке қорғаныс құралдарына жергілікті және республикалық бюджеттен 730 млн теңге бөлінген.