Алматы облысында құтқарушылар автокөлік астында қалған әйелді аман алып қалды, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға Алатау қаласындағы «Простор» саяжай қоғамының аумағында болған. Төтенше жағдай туралы хабарлама 112 қызметіне түскеннен кейін оқиға орнына құтқарушылар жедел жеткен.
Мамандар жергілікті тұрғындармен бірлесіп, көлік астында қалған әйелді шығарып алды. Зардап шегуші қауіпсіз жерге жеткізіліп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Кейін әйел жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Оның қазіргі жағдайы нақтыланып жатыр.