Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Алматы облысында 52 жүкті әйел коронавирус инфекциясын жұқтырған

Алматы облысында 52 жүкті әйел коронавирус инфекциясын жұқтырған

Алматы облысында 52 жүкті әйел коронавирус жұқтырған. Қазір олар барлық қажетті ем-домын қабылдап жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Соңғы тәулікте Алматы облысында 104 адамнан індет анықталған. Оның 20-сы симптомсыз. 

Әсіресе қызыл аймаққа енген Алматы қаласымен көршілес жатқан аудандарда жағдай тұрақты емес. 

Өңір басшылары алдағы аптада карантиндік шараларды күшейтіп, жаңа қаулы дайындауға кірспек. 

«Демалыс күндері қоғамдық тамақтану орындары мен сауда-саттық және ойын-сауық орыдарының жұмысына шектеу енгізіледі», - дейді облыстық санитарлық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Шарапиев. 

Сондай-ақ оның айтуынша төртінші тоқсанда 1-5 сынып оқушыларына кезекші сыныптарды ғана қалдырып, онлайн оқыту жоспарланған. 

Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың мәліметінше өңірде жыл басынан бері карантин талабын сақтамаған 600-ге жуық жағдай тіркеліп, 38 млн теңгенің айыппұлы салынған.