Алматы мен Чунцин арасында тікелей әуе қатынасы ашылды

Алматы мен Чунцин арасында тікелей әуе қатынасы ашылды
Алматы әкімдігі

23 қыркүйектен бастап Алматы мен Қытайдың Чунцин қаласы арасында тікелей әуе рейстері қатынай бастады. Алматы – Чунцин – Алматы бағыты бойынша рейстерді FlyArystan аптасына екі рет орындайды, деп хабарлайды ult.kz.

Ұшу уақыты шамамен бес сағат. Бұл бағытта рейс ашқан алғашқы қазақстандық әуе компания да FlyArystan.

Жаңа рейс Алматыдан Қытайға тікелей қатынайтын қалалар қатарын толықтырды. Бүгінде Алматыдан Бейжің, Шанхай, Үрімші, Сиань, Ханчжоу, Гуанчжоу, Инин, Чэнду және Санья қалаларына тікелей ұшуға болады.

Mastercard Tourism Insights мәліметінше, соңғы бір жылда Қытайдан Алматыға ұшатын әуе билеттеріне сұраныс айтарлықтай артқан. Іздеу саны 30 миллионнан 56 миллионға дейін өскен.

Жаңа әуе бағыты Алматы мен Қытай арасындағы туристер санын арттырып, іскерлік және мәдени байланыстың дамуына серпін бермек.