Freedom Inside '26

Алматы мен Астанадан Ыстықкөлге тікелей рейстер ашылды

Алматы мен Астанадан Ыстықкөлге тікелей рейстер ашылды
istockphoto.com

FlyArystan әуе компаниясы жазғы маусымда Қырғызстанның Ыстықкөл өңіріне тікелей рейстерді іске қосты, деп хабарлайды ult.kz.

Авиакомпанияның мәліметінше, Алматыдан қатынайтын рейстер жаздың соңына дейін жалғасады. Ұшақтар аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері ұшады. Ұшу уақыты бір сағаттан аз, ал бір бағыттағы билет бағасы 34 мың теңгеден басталады. Алматыдан рейс сағат 16:15-те ұшады.

Сұраныстың жоғары болуына байланысты FlyArystan алғаш рет Астанадан да Ыстықкөлге тікелей рейстерді іске қосады. Олар 3 шілдеден 31 тамызға дейін орындалады.

Елордадан рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады. Осылайша, қазақстандықтар жазғы демалыс кезінде Ыстықкөлге тікелей әуе қатынасы арқылы тез әрі ыңғайлы жете алады.