Freedom Inside '26

Алматы әкімдігі: Наурызбай ауданында тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ

Алматы әкімдігі: Наурызбай ауданында тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ
ашық дереккөз

Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы жағдай тұрақты бақылауда. Қазіргі уақытта тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ, деп хабарлайды ult.kz.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мен Наурызбай ауданы әкімдігі аппаратының мәліметінше, уақытша орналастыру пункттерін дайындау – ықтимал қауіп туындаған жағдайда қолданылатын алдын алу шарасы ғана.

Сондай-ақ хабарлау жүйесі іске қосылғанымен, уақытша орналастыру пункттеріне тұрғындар жүгінбеген.

Қалалық қызметтер Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп тәулік бойы жағдайды бақылауда ұстап, Ақсай өзені бассейніндегі ахуалды қадағалап отыр.

Қала билігі тұрғындарды сабыр сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырды.

Ведомствоның мәліметінше, жағдай өзгерген жағдайда тұрғындарға ресми байланыс арналары арқылы жедел ақпарат беріледі.