Freedom Inside '26

Алматы әкімдігі: Family Park аумағында тұрғын үй кешендері салынбайды

Алматы әкімдігі: Family Park аумағында тұрғын үй кешендері салынбайды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігі Family Park саябағының орнына тұрғын үй кешендері немесе өзге де нысандар салынады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ult.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Қаланың Бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, Family Park қоғамдық демалыс аймағы мәртебесін сақтайды. Сондай-ақ оның нысаналы мақсатын өзгерту мәселесі қарастырылмайды.

Әкімдіктің түсіндіруінше, қазіргі уақытта тек саябақ аумағын кешенді жаңарту, көріктендіру және жаңғырту жұмыстарын жүргізу мақсатында оны мемлекеттік басқаруға қайтару мәселесі қаралып жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін Family Park қала тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи, қауіпсіз әрі жайлы қоғамдық демалыс орны ретінде жұмысын жалғастырады.

Осылайша, әкімдік саябақ аумағында тұрғын үй кешендерін немесе басқа да құрылыс нысандарын салу жоспарда жоқ екенін тағы бір мәрте мәлімдеді.