Алаяқтарға алданып үйінен айырылған әже мен немересінің қазіргі жағдайы белгілі болды

Алаяқтарға алданып үйінен айырылған әже мен немересінің қазіргі жағдайы белгілі болды
aikyn.kz

Алматыда алаяқтардың құрбаны болып, баспанасынан айырылған зейнеткер мен оның 12 жастағы немересі уақытша тұрғын үйге орналастырылды, деп хабарлайды ult.kz.

Қалалық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Жанат Айтпаеваның айтуынша, қазір отбасы жеке үйде тегін тұрып жатыр. Мемлекеттік органдар олардың уақытша баспана мәселесін шешкен.

Сондай-ақ әже мен немересіне әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Тұрақты тұратын жермен қамтамасыз ету мәселесі де қарастырылуда.

Еске салайық, бұған дейін зейнеткер телефон алаяқтарының арбауына түсіп, қызы және немересімен бірге тұратын пәтерінен айырылғанын мәлімдеген еді. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша алаяқтық бабымен қылмыстық іс тергеліп жатыр.