Алаяқтар қазақша еркін сөйлеп, халықты алдаудың жаңа тәсілін қолдана бастады, деп хабарлайды ult.kz. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті ескертті.
Қазір олар қазақша еркін сөйлеп, өздерін полиция, банк қызметкері немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырады. Бұрын көп адам алаяқты қазақ тілін білмегендіктен танитын. Сондықтан тек тілге емес, ақпарат сұрау тәсіліне мән беру керек.
Полиция тұрғындардан бейтаныс адамдарға SMS-кодтарды, жеке деректерді және банк картасының мәліметтерін ешқашан айтпауды сұрайды.