Алматыда үш адамның өмірін қиған резонансты жол-көлік оқиғасы бойынша сот процесі жалғасуда. Мемлекеттік айыптаушы Zeekr көлігінің жүргізушісі Александр Пакты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды ult.kz.
Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы көлікті алкогольдік масаң күйде басқарып, салдарынан бірнеше адамның қаза болуына себеп болған.
Прокурор сот отырысында ұсынылған жаза әлеуметтік әділдікті қалпына келтіруге, сотталушыны түзеуге және осындай құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеуге бағытталғанын атап өтті.
Сонымен қатар сотта азаматтық талап-арыз да қаралып жатыр. Қаза тапқан Томирис Қыдырбектің әкесі моральдық шығын ретінде айыпталушыдан 100 миллион теңге өндіріп беруді талап етті.
Жәбірленуші тараптың мүддесін қорғап жүрген адвокат бұған дейін кешірім сұрауды қабылдамайтынын және өтемақы алуды жоспарламайтынын мәлімдеген болатын. Сот оны ресми түрде жәбірленуші ретінде таныған.
Ал марқұмның анасы бұған дейін айыпталушыны кешіргенін және оған қатысты жеке шағымы жоқ екенін айтқан.
Еске салайық, Александр Пак сот процесі барысында өз кінәсін толық мойындаған. Соттың түпкілікті шешімі әлі жарияланған жоқ.