Ақтөбеде көпқабатты үй өртенді (Видео)

Ақтөбеде көпқабатты үй өртенді (Видео)

Ақтөбе қаласында көпқабатты үйдің бір бөлігі өртенді. Қазір пәтер иелері анықталып, өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Үй 3-қабаттан бастап өртенді. Үйді қаптаған зат тез шарпып кетті. Пәтерлер жабық тұр»,- дейді куәгер Ғайни Ғазизқызы.

«Сағат 15:10-да хабарлама түсіп, 10 минутта көлік жетті. Өрт 20 минутта сөндіріліп, қазір анықтау жұмысы басталды. Өрттен соң түтін шығып жатыр. Бірақ бәрі бақылауда», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ернұр Өтегенов.

Айта кетейік, оқиға орнында бірнеше өрт сөндіру көлігі мен жедел жәрдем, полиция тұр. Сондай-ақ, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ілияс Испанов та келген. 

«Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Өрттің шығу себебі мен зардап шеккендер анықталады», - дейді облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов.