Ақтөбеде қоғамдық автобус дүкенге соғылды

Ақтөбеде қоғамдық автобус дүкенге соғылды


Ақтөбеде қоғамдық көлік бағытын өзгертіп, дүкенге барып соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін таңертең Ақтөбе қаласындағы Шернияз және Уәлиханов көшелерінің қиылынсында жол-көлік оқиғасы болды. №7 бағыттағы автобус алдымен қоршауға соғылып, кейін дүкенге соғылған. 

«Автобус салонында жолаушылар болған жоқ. Ешкім зардап шекпеді. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Жүргізушінің айтуынша, тежегіш істен шыққан», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Айта кетейік, автобус соққан дүкенде балалар киімі сатылады. Оның терезесі қирады. Ал жанындағы ұялы телефон жөндеу орнының қасбеті бүлінді.