Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды

Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды

Фото: Pixabay.com


Қала тұрғынының айтуынша, жексенбі күні, яғни 30 маусымда, түн ортасында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Lada.kz-ке сілтеме жасап.


Куәгердің сөзінше, оны ұрып-соғып, нәтижесінде ол ми шайқалуы, параорбитальды гематома және бетінде көптеген көгерулер алған.


Облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккенді дәрігерлер қарап шығып, медициналық көмек көрсетіп, амбулаторлық емдеуге жіберді.