Петропавлда белгісіз тұнба ішкен үш ер адам ауыр уланып, екеуі қайтыс болды. Үшінші науқастың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды ult.kz.
Ер адамдар демалыс күні қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Туыстарының айтуынша, олар түскі ас кезінде шығу тегі белгісіз тұнба ішкен.
Дәрігерлердің мәліметінше, науқастардың тыныс алуы қиындап, сыртқы ортамен байланысы бұзылған. Екеуі ауруханада көз жұмды: бірі түскен күні, екіншісі үшінші тәулікте қайтыс болды.
Мамандар құрамы белгісіз сұйықтықтарды ішпеуге шақырады. Улану белгілері байқалса, дереу 103 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет.