Ақмола облысында жолда қалған Тәжікстан азаматтары құтқарылды

Ақмола облысында жолда қалған Тәжікстан азаматтары құтқарылды

Ақмола облысында жолда қалған Тәжікстан Республикасының 29 азаматы құтқарылды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Бурабай ауданының аумағында «Нұр-Сұлтан-Петропавл» күре жолының бойында «Сетра» жолаушылар автобусы техникалық ақауларға байланысты істен шығып, тоқтауға мәжбүр болған.

«Автобус Тәжікстаннан Ресейдің Сүргіт қаласына бағыт алған. Көлік ішінде барлығы 26 жолаушы мен 3 жүргізуші болды. Жолаушылардың барлығы Тәжікстан азаматтары, олардың төртеуі әйел де, біреуі бала. Араларында зардап шеккендер жоқ. Автобуста болған жолаушылар екіге бөлініп, «Щучинск қаласындағы жоғары техникалық колледжінің №13 және «Жалпы типтегі мектеп инернатының жатақханаларына жайғастырылды. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ», деп мәлім етті Бурабай аудандық ТЖБ бастығы міндетін атқарушы Қанат Бабаев.