Ақмола облысында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы қаулы өзгерді

Ақмола облысында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы қаулы өзгерді

«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 қарашадағы №224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қаулыда азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарын сатып алу; шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге баруды қоспағанда,барлық тұрғындарға, әсіресе 65 жастан асқан адамдарға аса қажетті себептерсіз үйлерінен сағат 21.00-ден 06.00-ге дейін шықпауға ұсынылады. 

Сонымен бірге, санитарлық бекеттерден (жол парақтарын, жұмыс нарядтарын, жоспар–тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, редакциялық тапсырмаларды, сондай-ақ жеке куәліктерін көрсеткен кезде) мына тұлғаларға кедергісіз кіруге/шығуға рұқсат етіледі:

• медициналық көрсеткіштер бойынша кіретін және шығатын адамдар;

• транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылары;

• вахта қызметкерлерін тасымалдайтын көлік құралдары;

• COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларына тартылған көлік пен адамдар, ұйымдар;

• тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындар (оның ішінде жабдықтарды баптау бойынша сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін кәсіпорындар), көлік пен адамдар, ұйымдар;

• «STOPCORONA.KZ сайтында тіркелген, қосымша,ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар, оны алған сәттен бастап 30 тәуліктен аспаған анықтама болған жағдайда Ақмола облысында тұрмайтын адамдар, тамақ өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, көлік пен адамдар;

• осы елдімекенде тіркелген жағдайда, тұрақты тұратын жеріне қайтып келетін Көкшетау және Степногор қалаларының тұрғындары;

• жұмыс орнын және растайтын құжаттарды қоса отырып, сондай-ақ аса қажет болған жағдайларда кіру және шығу себептерін міндетті түрде көрсете отырып, «SSTOPCORONA.KZ сайтында тіркелген жағдайда Зеренді ауданының жақын елді мекендерінің тұрғындарына Көкшетау қаласына/қаласынан кіруге/шығуға рұқсат етілсін. Көкшетау қаласында тұрақты жұмыс істейтін адамдарды қоспағанда, сайтта қайта тіркелу мүмкіндігімен 7 күннен асырмай мерзімге рұқсат беріледі.

• COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеудің теріс нәтижесі бар, оны алған сәттен бастап 5 тәуліктен аспаған анықтама немесе хаттама болған жағдайда облыстық медициналық шақыру комиссиясына баратын/оралатын жергілікті әскери басқару органдарының көлігі мен қызметкерлерін (іссапар куәлігі немесе іссапарға жіберу туралы бұйрық болған кезде), олармен бірге жүретін әскерге шақырылушыларды; 

• аумақтық сайлау комиссияларының өкілдеріне қызметтік куәлігін көрсеткен кезде(жүргізуші ретінде бірге жүретін адамға рұқсат етіледі);

• жұмыс орнын көрсете отырып, «SSTOPCORONA.KZ сайтында тіркелген жағдайда туризм объектілерінің, жол бойы сервисінің, сондай-ақ ауыл шаруашылығы іс-шараларына, құрылыс жұмыстарына тартылған көлік пен қызметкерлер;

Бұдан бөлек, келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған жағдайда, алаңы 500 шаршы метрден кем (жеке тұрған) азық-түлік емес дүкендердің қызметі жұмыс, демалыс күндері сағат 09:00-ден 20.30-ға дейін шектеледі.

Келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, алаңы 500 шаршы метрден кем сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда желілерінің қызметі жұмыс, демалыс күндері сағат 10:00-ден 20.30-ге дейін шектеледі.