Ахметжан Есімов "Қазақстанның Еңбек Ері" атанды

Ахметжан Есімов "Қазақстанның Еңбек Ері" атанды

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 Елбасы жарлығымен Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

Атап айтсақ, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Есімов Ахметжан Смағұлұлы, «Тенгизшевройл» ЖШС менеджері, Атырау облысы Қуатов Руслан Тұржанұлы, «Жақсылық» ШҚ басшысы, Алматы облысының Жамбыл ауданы Үшкемпіров Жақсылық арнайы марапатқа ие болды.