“Айгүлдің анасы екен деп қалдым”: Айгүл Иманбаеваның келіні елге жақпай қалды

“Айгүлдің анасы екен деп қалдым”: Айгүл Иманбаеваның келіні елге жақпай қалды
Фото: ult.kz

Журналист Анна Данченко актриса Айгүл Иманбаеваның шаңырағына қонаққа барды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өнер адамының келінін де жариялауды жөн көреді. Бірақ жас келін туралы ерсі пікір жазғандар да табылды, деп хабарлайды ult.kz.

"Сұлу әрі ақылды келін, екі баланың анасы Жансая. Халықтың сүйікті әншісі Айгүл ханым алғаш рет өз шаңырағының есігін ашып, көрерменге жанұясының жылы атмосферасын көрсетті. Бағдарламада әншінің ұлы мен келіні де алғаш рет ашық сұхбат беріп, отбасы, сыйластық пен өмірдегі жаңа кезең туралы сыр шертеді”, - деп жазды журналист. 

Әлеуметтік желі қолданушылары "Енесінен үлкен көрінеді”, “Айгүлдің анасы екен деп қалдым”, Қалай киіну керегін біле ме?” деп жазды. Ал кейбірі “Сұп-сұлу келіншек”, “Сөз саптауы керемет екен”, “Қазақтың қара домалақ қызы”, “Айгүлден аумайды” деп пікір білдірді.