Мәскеуде әйел күйеуінің досын ұрлап әкетіп, оны жұбайымен араласуды тоқтатуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды ult.kz.
Оның пікірінше, күйеуіне досы кері әсер еткен.
Ресейлік БАҚ мәліметінше, Мәскеу тұрғыны бұл іс үшін 30 мың рубль төлеп, ер адамға «әзіл ұйымдастыруды» сұраған. Ер адамды Тверь көшесіндегі пәтерге алдап шақырған.
Пәтерде оны әйел мен өзін ОМОН қызметкерлері ретінде таныстырған адамдар күтіп тұрған. Ер адамды ұрып-соғып, босатпай ұстаған. Одан күйеуімен достығын тоқтатуға келісім беруін талап еткен.
Оқиғаға қатысы бар әйел мен оның сыбайластары ұсталды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерді қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр.