Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды, деп хабарлайды ult.kz.
Айдос Мырзахметов 2024 жылдың қаңтарынан бері Қазақстан Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы қызметін атқарды. Бұл қызметке ол Мемлекет басшысының өкімімен тағайындалған.
Мырзахметов – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери академиясының 2002 жылғы түлегі. Әскери қызметін взвод командирінен бастап, кейін Мемлекеттік күзет қызметі департаментінің бастығына дейін көтерілген.
2026 жылғы 6 мамырда оған генерал-майор әскери атағы берілді. Ол сондай-ақ II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
Мырзахметов Қорғаныс министрі қызметіне Дәурен Қосановтың орнына келді. Қосанов 27 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметінен босатылған болатын.
Жаңа министрдің тағайындалуы Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру жөніндегі комиссия құрылғаннан кейін болды. Комиссияға министрліктің, соның ішінде әскери құрылымдардың қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне қатысты жағдайды тексеру міндеті жүктелген.