Айдана Меденова ажырасты ма? Әнші парақшасында екұшты жазба жариялады

Айдана Меденова ажырасты ма? Әнші парақшасында екұшты жазба жариялады
ашық дереккөз

КешYOU тобының бұрынғы солисі, әнші Айдана Меденова әлеуметтік желідегі соңғы жарияланымынан кейін жеке өміріне қатысты түрлі болжамдардың ортасында қалды, деп хабарлайды ult.kz.

Желі қолданушылары әншінің Instagram парақшасында «Кейде бірге болғаннан гөрі, бір-біріңді жіберген дұрыс» деген мағынадағы жазбаны бөліскеніне назар аударған. Осыдан кейін көпшілік оның жұбайы, продюсер Әлішер Нұржановпен қарым-қатынасына қатысты түрлі пікір айта бастады.

Сондай-ақ оқырмандар ерлі-зайыптылардың Instagram желісінде бір-біріне жазылмай кеткенін және Айдананың парақшасынан күйеуімен бірге түскен фотосуреттердің алынып тасталғанын байқаған.

Дегенмен, әзірге Айдана Меденова да, Әлішер Нұржанов та бұл мәселеге қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Сондықтан олардың ажырасқаны туралы ақпарат расталмаған.