«Әділет» саяси партиясы Қазақстанда ресми түрде тіркелді

«Әділет» саяси партиясы Қазақстанда ресми түрде тіркелді
arasha.kz

«Әділет» саяси партиясы Қазақстанда ресми түрде тіркелді, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі, деп хабарлайды ult.kz.

«Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. 2026 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Әділет министрлігі «Әділет» саяси партиясын тіркеді», - делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.

Партияның құрамына мұнай сервисі және тау-кен металлургиясы салаларының қызметкерлері, шахтерлер, сондай-ақ спорт, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, кәсіпкерлік, IT, заңгерлік және креативті индустрия мамандарын қоса алғанда, әртүрлі кәсіби сала өкілдері біріккені атап өтіледі.

«Партия бағдарламасының негізінде әділдік, жауапкершілік, тең құқықтылық, патриотизм және прогресс қағидаттары жатыр. Негізгі басымдықтардың қатарында заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту, тиімді институттарды дамыту, өңірлерді қолдау, цифрландыру, адами капиталды дамыту және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру белгіленген. «Әділет» партиясы өз қызметін кәсіби тәсілге, қоғамдық диалогқа және жауапты қоғамдық күн тәртібіне сүйене отырып, әділ, заманауи және бәсекеге қабілетті Қазақстанды дамытуға қосылған үлес деп санайды», - делінген хабарламада.

Жақын арада партия өзінің ұйымдастырушылық құрылымын одан әрі қалыптастыруды және өңірлердегі жұмысын бастайды.

7 мамырда ҚазТАГ президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебай жаңадан құрылған «Әділет» партиясының төрағасы болғанын хабарлаған болатын.