Абай Құнанбайұлы Арман Юсуповтың арғы атасына 12 бие мен бір айғыр сыйлаған

Абай Құнанбайұлы Арман Юсуповтың арғы атасына 12 бие мен бір айғыр сыйлаған
ашық дереккөз

Танымал блогер Арман Юсуповтың әкесі отбасында ұрпақтан-ұрпаққа жеткен қызықты оқиғаны айтып берді. Оның сөзінше, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы олардың арғы атасы Түсіпке бір кездері үлкен көмек көрсеткен, деп хабарлайды ult.kz.

Арман Юсуповтың әкесі баяндаған оқиғаға қарағанда, Түсіптің отбасы көпбалалы болғанымен, ағайындарының арасында тұрмысы ең төмені сол кісі екен.

Бірде олардың үйіне ағасы Абай Құнанбайұлы қонаққа келіп, түнеп шығады. Қазақтың қонақжайлық дәстүрін ұстанған отбасы бар малын сойып, ақынды күтеді. Ол кезде қолдарында бар болғаны бір бұзау ғана болған екен. Соны сойып, қонаққа құрмет көрсетеді.

Алайда таңертең оянғанда Абайдың кетіп қалғанын көреді. Түсіп ақынға көңілі толмай қалған бір нәрсе болды ма деп уайымдап жүреді.

Арада екі аптадай уақыт өткенде Абайдан күтпеген сыйлық келеді. Ақын Түсіпке 12 бие мен бір айғыр жіберген екен.

«Ол заманда бұл қазір миллион доллар алғанмен бірдей болған шығар», – дейді блогердің әкесі.

Осы сыйлықтан кейін Түсіптің тұрмысы түзеліп, дәулеті арта бастаған. Кеңес өкіметі орнағанға дейін оның 300-ге жуық жылқысы, 200-дей сиыры және бірнеше мың қойы болған көрінеді.

Осылайша, Абай Құнанбайұлының бір реттік көмегі Түсіп әулетінің тұрмысын түбегейлі өзгерткен отбасылық естелік ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.