Freedom Inside '26

Абай облысында заңсыз алтын өндірген топ әшкереленді

Абай облысында заңсыз алтын өндірген топ әшкереленді
yandex.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Жарма ауданында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ult.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында заңсыз барлау және алтын өндіру жұмыстары жүргізілген үш учаске анықталды.

Тергеу мәліметінше, заңсыз өндіріс салдарынан жердің беткі қабаты айтарлықтай бүлініп, құнарлы топырақ сыпырылып алынған.

Тінту кезінде алтын түстес металл, кенді байытуға арналған жуу жабдықтары, арнайы техника және автокөліктер тәркіленді.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары заңсыз өндіруге қатысы бар барлық тұлғаларды анықтап жатыр. Сондай-ақ өндірілген бағалы металдың көлемі мен мемлекетке келтірілген залал мөлшері есептелуде.

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.