Freedom Inside '26

Абай облысында қамаудан қашқан сотталушы қайта ұсталды

Абай облысында қамаудан қашқан сотталушы қайта ұсталды
24.kz

Абай облысында уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен сотталушы жедел іздестіру шаралары барысында ұсталып, қайтадан қамауға алынды, деп хабарлайды ult.kz.

Полицияның мәліметінше, ер адам бес жыл бұрын шартты түрде бас бостандығынан айырылған. Алайда биыл маусым айында жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін сот оның өтелмеген жаза мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырған.

Ведомствоның хабарлауынша, сотталушы серуендеу кезінде уақытша ұстау изоляторының аумағынан заңсыз шығып кеткен. Дегенмен жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көп ұзамай қолға түсіп, қайтадан изоляторға қамалды.

Оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс басталды. Сонымен қатар сотталушының қашуға әрекеттенгені үшін жаза мерзімі де ұзартылады.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде тараған бағыттамаға сәйкес, 31 жастағы ер адам бұған дейін Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі (зорлау) бойынша сотталған. Аталған бап бойынша бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.