9 жастағы қызға зорлық жасаған ер адам өмір бойына сотталды

9 жастағы қызға зорлық жасаған ер адам өмір бойына сотталды
ашық дереккөзден

Бас прокуратура қылмыстық істерді кассациялық тәртіппен қайта қарау кезінде кәмелетке толмағандарға қатысты бірнеше қылмыстың дұрыс сараланбағанын анықтады, деп хабарлайды ult.kz.

Мәселен, Ж. есімді азамат 9 жастағы қызға қатысты әрекеті үшін бастапқыда «азғындау» бабы бойынша сотталған. Прокурорлардың наразылығынан кейін іс қайта қаралып, ер адам жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Осыған ұқсас істер бойынша тағы 8 адамға қатысты сот актілерінің күші жойылып, істер қайта қарауға жіберілді.

Сонымен қатар бірқатар процесте айыпталушылардың қорғау құқығы бұзылғаны анықталған.

Кассациялық тәртіппен қаралған істер аясында мемлекетке келтірілген залалды өтеу мәселесі де шешілді. Прокурорлардың наразылығынан кейін заңсыз ойын бизнесінен түскен 2,8 млрд теңге мемлекет кірісіне өндірілді. Тағы төрт іс бойынша 141 млн теңге қайтарылды.