Freedom Inside '26

72 қой жоғалған: Жамбылда бұрынғы қойшының үстінен іс қозғалды

72 қой жоғалған: Жамбылда бұрынғы қойшының үстінен іс қозғалды
polisia.kz

Жамбыл облысында полицейлер ірі көлемдегі мал ұрлығын ашты. Тергеу мәліметінше, Байзақ ауданындағы шаруа қожалығының қорасынан бірнеше рет қой ұрланып, жалпы шығын 72 басқа жеткен, деп хабарлайды ult.kz.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің мал ұрлығы бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш ер адам ұсталды. Олардың бірі осы шаруашылықта бұрын қойшы болып жұмыс істеген және қораның орналасуы мен мал бағу тәртібін жақсы білген.

Тергеу кезінде ұрланған малдың бір бөлігі табылып, иесіне қайтарылды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері Жамбыл облысында мал ұрлығына қатысты 18 қылмыс ашылып, 32 адам ұсталған. Сондай-ақ мал ұрлаумен айналысқан 10 қылмыстық топтың әрекетінің жолы кесілген.