7 тамызға арналған ауа райы болжамы

7 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: freepik

Ертең еліміздің басым бөлігінде жазғы ыстық ауа райы сақталады. Алайда кей өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ түсу қаупі бар, деп хабарлайды ult.kz.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау – күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы +29…+35°C.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар – күндіз +24…+30°C, кей жерлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Орталық Қазақстан (Қарағанды, Ұлытау) – +27…+32°C, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Абай облысы – +26…+31°C, кей аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлер (Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда) – аптап ыстық сақталады. Күндіз +32…+39°C. Таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал. 

Синоптиктер тұрғындарға күннің ыстығында ұзақ уақыт жүрмеуге, мол су ішуге және найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.