Павлодарда аса ірі мөлшерде есірткі өткізді деген күдікпен екі жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.
Polisia.kz пәліметінше, полицияның жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілерден жалпы салмағы 60 келіге жуық кептірілген марихуана, ақша, ұялы телефондар, банк карталары және түрлі құрал-жабдықтар тәркіленді.
Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынған.
Қазір полиция олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.
Аталған факті бойынша тергеу жалғасуда.