Польшанының Ломжа қаласында көршілер бесінші қабаттағы балконнан құлаған 4 жасар қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға 9 тамызда болған. Қыз балкон қоршауына ілініп тұрған кезде, құтқарушылар жеткенше үш көршісі көмекке келген. Олар көрпені керіп ұстап, төменге құлаған баланы соңғы сәтте қағып алды.
Құтқару сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Қыз жеңіл жарақат алған. Ал оның анасына бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Полиция мәліметінше, оқиға кезінде анасы мас күйде ұйықтап жатқан.