Үнді мұхитының түбінен әлемдегі ең үлкен киттер қорымы табылды, деп хабарлайды ult.kz.
Bild мәліметінше, Ғалымдар Үнді мұхитының 7 мың метр тереңінен ұзындығы шамамен 1200 шақырымға созылған алып киттер қорымын анықтады. Бұл — бұрын-соңды тіркелген ең ірі әрі ең тереңдегі кит сүйектері шоғырланған аймақ.
Зерттеушілерді ерекше таңғалдырғаны — кейбір сүйектердің жасы 5,3 миллион жылдан асады. Сонымен қатар бұл жерден әлдеқашан жойылып кеткен теңіз жануарларының қаңқалары да табылған.
Nature журналының жазуынша, Диамантина жарығы орналасқан бұл аймақ ғылымға әлі белгісіз болуы мүмкін көптеген ағзаға толы.
Ғалымдар 32 рет су астына түсіп, жүздеген қазба үлгілерін жинаған. Мамандардың болжамынша, мұнда 10 миллионнан астам киттің қалдығы болуы мүмкін.
Зерттеушілердің айтуынша, бұл өңір киттер үшін қорекке бай болғандықтан, миллиондаған жыл бойы теңіз алыптары осында шоғырланған. Ал өлгеннен кейін олардың сүйектері мұхит түбінде жиналып, алып табиғи қорымға айналған.
Бұған дейін киттердің сүйектері мұндай тереңдіктен ешқашан табылған емес.