Қазақстанда 14 жастағы қыз хоккей жаттықтырушысы өзін екі жыл бойы зорлап, қорқытып келгенін мәлімдеді. Іс бойынша 38 жастағы жаттықтырушы мен оның танысы қамауға алынған, деп хабарлайды ult.kz.
«Еуразия» арнасының мәліметінше, оқиға 2024 жылы Талдықорғанда өткен көгалдағы хоккей жарысы кезінде басталған. Қыз жаттықтырушы берген шайды ішкеннен кейін есінен танып қалғанын, ал оянғанда зорлыққа ұшырағанын айтқан.
Жасөспірімнің сөзінше, кейін жаттықтырушы оны интим бейнежазбамен қорқытып, болған жағдайды ешкімге айтпауға мәжбүрлеген.
Жәбірленушінің айтуынша, жаттықтырушы оны интим бейнежазбамен қорқытып, болған жағдайды ешкімге айтпауға мәжбүрлеген. Қыз зорлық әрекеттері екі жыл бойы жалғасқанын және жаттықтырушының оны басқа адамдарға бергенін мәлімдеді.
Жасөспірім бұл туралы екі жылдан кейін жақындарына айтқан. Осыдан кейін туыстары жаттықтырушымен кездескен. Қазір қыздың ағасы қамауда, ал анасына үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Істің ауырлығына байланысты тергеуді облыстық полиция жүргізіп жатыр.
Облыстық полицияның мәліметінше, екі күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған. Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, тараптар іс материалдарымен танысып жатыр. Іс полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
«Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деді облыстық ПД басқармасының бастығы Бауыржан Сәулебеков.
Жәбірленушінің жақындары істің сотқа тезірек жолданып, күдіктілердің заң аясында қатаң жазалануын талап етіп отыр.