Тамыз айында ҰҚК полициямен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен еліміздің 12 өңірінде заңсыз қару айналымына қарсы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды ult.kz.
Нәтижесінде 56 қару, оның ішінде 4 автомат, 34 мылтық және 18 тапанша, сондай-ақ 13 граната мен 314 оқ-дәрі тәркіленді.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеуге қатысты өзге ақпарат жарияланбайды.