38 адам жантүршігерлік жағдайда мерт болды

38 адам жантүршігерлік жағдайда мерт болды
Фото: freepik

Жапонияда жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 адамға жетті, деп хабарлайды ult.kz.

Жергілікті билік органдарының мәліметінше, префектурада 210 эвакуациялық пункт ашылып, онда 9,2 мыңнан астам адам орналастырылған. 1590 үй жарықсыз, 46,8 мың үй сусыз, ал 8,7 мың үй газсыз қалды.

Жер сілкінісі салдарынан 3,4 мың ғимарат зақымданды, оның ішінде 181 ғимарат толығымен қираған.

Сейсенбі күні Кюсю аралындағы Кумамото префектурасы аумағында магнитудасы 7,1 балдық жер сілкінісі болды.