35,6 млн теңге өндірілмей қалды: Алматыда сот орындаушысы

35,6 млн теңге өндірілмей қалды: Алматыда сот орындаушысы
Ашық дереккөз

Алматыда жеке сот орындаушысы борышкердің банк шоттарындағы тыйымды заңсыз алып, өндіріпұ алуға жататын 35,6 млн теңгенің аударылуына кедергі келтірген, деп хабарлайды ult.kz.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, жеке сот орындаушысының заңсыз әрекетінен кейін борышкер шотындағы қаражатқа өз бетінше билік ету мүмкіндігіне ие болған. Нәтижесінде өндіріп алушыға тиесілі 35,6 млн теңге аударылмаған.

Сот жеке сот орындаушысын ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды.

Оған жеке сот орындаушы қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.