«Қазгидромет» 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ult.kz.
Дегенмен кей өңірлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Кейбір аймақтарда жел күшейеді. Қыркүйектің алғашқы күндерінде солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі ауа температурасы төмендеп, үсік қаупі сақталады.
Ал оңтүстік және батыс облыстарда күн әлі де жылы болады. Жекелеген өңірлерде ауа температурасы +30°C-тан жоғары көтерілуі ықтимал.
Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?
Астанада 3 қыркүйекте күн жылып, ауа температурасы +26°C-қа дейін көтеріледі деп болжанған.
Алматыда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін.