2026–2027 оқу жылының күнтізбесі бекітілді

2026–2027 оқу жылының күнтізбесі бекітілді
ашық дереккөз

Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ мектеп оқушыларының демалыс кезеңдерін бекітті, деп хабарлайды ult.kz.

Жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Оқу жылы төрт тоқсаннан тұрады:

  • І тоқсан – 8 оқу аптасы. Күзгі демалыс 26 қазан – 1 қараша аралығында (7 күн) өтеді.
  • ІІ тоқсан – 8 оқу аптасы. Қысқы демалыс 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін (14 күн) жалғасады.
  • І сынып оқушылары үшін 8–14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған.
  • ІІІ тоқсан – 10 оқу аптасы. Көктемгі демалыс 22–28 наурыз аралығында (7 күн) өтеді.
  • IV тоқсан – 8 оқу аптасына созылып, 25 мамырда аяқталады.

Сонымен қатар министрлік 9 (10) және 11 (12) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімдерін де бекітті. Толық ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланған.