20 жыл жасырынған қылмыскер экстрадицияланды

20 жыл жасырынған қылмыскер экстрадицияланды
ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы адамдар тобымен қарақшылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды ult.kz.

Тергеумен күдікті 2006 жылы Павлодарда адамдар тобымен қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып, қарақшылық шабуыл жасап, жәбірленушінің мүлкін ұрлағаны анықталды.

Күтіктіні қоспағанда оның басқа сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған, ол қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

2025 жылғы қыркүйекте ол Новосібір облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. 

Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.