Әлеуметтік желіде жас айырмашылығы тым үлкен некеге қатысты видео қызу талқыланып жатыр. Көпшіліктің жағасын ұстатқан оқиғада 19 жастағы қызды туыстары 72 жастағы ер адамға күштеп ұзатқан, деп хабарлайды ult.kz. SIEMENS NEWS Telegram арнасына сілтеме жасап.
Желіде тараған кадрларда бойжеткеннің туыстары оған психологиялық әрі физикалық қысым көрсетіп жатқаны анық көрінеді. Бейнежазбада жылап, қарсылық танытқан қызды неке құжатына қол қоюға мәжбүрлегені байқалады. Оқиға Бангладеште болған.
Желі қолданушылары қыздың отбасын қатаң сынға алып, бұл жағдайды адам құқығын бұзу және отбасылық зорлық-зомбылық деп бағалады. Көпшілік құқық қорғау органдары мен адам құқықтарын қорғайтын ұйымдарды іске араласуға шақырып, аталған некенің заңдылығын тексеруді талап етуде.