180 млн теңгелік ойын дауы: жеке сот орындаушыларына қатысты жаңа дерек шықты

180 млн теңгелік ойын дауы: жеке сот орындаушыларына қатысты жаңа дерек шықты
freepik.com

Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысының букмекерлік кеңселердегі ойын шоттарына шамамен 180 млн теңге аударғаны анықталды, деп хабарлайды ult.kz.

Алайда Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы бұл қаражаттың барлығы құмар ойындарға жұмсалғаны немесе ұтылғаны туралы нақты дерек жоқ екенін мәлімдеді. Ақшаның қайдан келгені де әзірге белгісіз.

Палата мәліметінше, жалпы соманың 139 млн теңгесі Қ.Ж.-ға тиесілі. Ол бұл қаражатты 2023–2024 жылдары аударған. Бірақ сол кезде Қ.Ж. жеке сот орындаушысы болмаған. Лицензияны 2025 жылы алып, кәсіби қызметіне 2026 жылғы 6 наурызда кіріскен.

Қазір прокуратура хабарламасында аталған әр адамға қатысты жеке тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілік мәселесі шешіледі.