18 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

18 қыркүйекте ауа райы қандай болады?
Фото: freepik

18 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жылы болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бірқатар облыста жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада түнде ауа температурасы +12…+14 градус, күндіз +23…+25 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді.

Алматыда түнде +12…+14 градус, күндіз +27…+29 градус жылы болады. Қалада жауын-шашын болжанбайды. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр шамасында болады. 

Ақмола облысында түнде +11…+16 градус, күндіз +20…+25 градус болады. Өңірдің батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшеюі ықтимал. 

Павлодар облысында түнде ауа температурасы +5…+10 градус аралығында болады. Күндіз +18…+23 градусқа дейін жылынады. Өңірдің батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Кей аудандарда жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында түнде +2…+7 градусқа дейін салқындайды. Таулы аудандарда -2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал. Күндіз ауа температурасы +20…+25 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді, бірақ кей жерлерде желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. 

Ал Алматы облысында түнде +10…+15 градус, таулы аудандарда +2…+7 градус болады. Күндіз +27…+32 градусқа дейін көтеріледі. Жауын-шашын болжанбайды. Алайда облыстың батысы, солтүстігі мен таулы аймақтарында жел секундына 15–20 метрге дейін күшеюі мүмкін. 

Синоптиктердің мәліметінше, 18 қыркүйекте еліміздің өңірлерінде ауа райы біркелкі болмайды: бір жерде күн жылы әрі ашық болса, солтүстік және шығыс облыстардың кей бөлігінде жаңбыр жауады.