15 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

15 қыркүйекте ауа райы қандай болады?
Фото: freepik

15 қыркүйекте Қазақстанның солтүстігі мен шығысының жекелеген аудандарында, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды ult.kz.

Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. 

Еліміздің қалған бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік пен орталық өңірлерде күндіз ауа температурасы +20…+27°C аралығында болады.

Батыста ауа температурасы +19…+30°C, шығыста +18…+25°C, оңтүстік-шығыста +22…+28°Cшамасында болжанады. 

Алматыда 15 қыркүйекте түнде +17…+19°C, күндіз +28…+30°C болады. Қалада көшпелі бұлтты ауа райы сақталады. 

Қазгидромет мәліметінше, 15–17 қыркүйек аралығында елдің кей өңірлерінде жел күшейіп, жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін.