144 млрд теңге ісі: Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

144 млрд теңге ісі: Жомарт Ертаев бостандыққа шықты
ашық дереккөз

Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты. Ол Bank RBK-дан 144 млрд теңге жымқыру ісі бойынша сотталған болатын, деп хабарлайды ult.kz.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, 2020 жылы Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылған. 2021 жылы апелляциялық сот оның жазасын 9 жылға дейін қысқартты.

2025 жылдың қыркүйегінде Ертаевтың бостандыққа шыққаны расталды. ІІМ мәліметінше, ол қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылып, кейін пробация қызметінің бақылауына алынған.

Ертаевқа қатысты бұған дейін тағы бір қылмыстық іс бойынша үкім шыққан. 2021 жылы ол Bank RBK, Qazaq Banki және Еуразиялық банктің несие қаражатын жымқыру ісі бойынша 9 жылға сотталған.