13 тамызда Қазақстан өңірлерінде жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі

13 тамызда Қазақстан өңірлерінде жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі
Қазақстанда 5–7 мамыр аралығында ауа райы құбылмалы болады

Синоптиктердің болжамы бойынша 13 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды ult.kz.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Түркістан, Жамбыл, Алматы, Абай және Жетісу облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және жел күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Сонымен қатар бірқатар өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ басқа да аймақтарда төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Тұрғындарға ауа райының өзгеруіне байланысты қауіпсіздік шараларын сақтап, қатты жел мен найзағай кезінде абай болу ұсынылады.