Freedom Inside '26

13 млн теңгенің тауары: Шымкентте ірі көлемдегі ұрлық дерегі ашылды

13 млн теңгенің тауары: Шымкентте ірі көлемдегі ұрлық дерегі ашылды
Polisia.kz

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ірі көлемдегі тауарды ұрлау дерегін ашып, оны заңды иесіне қайтарды, деп хабарлайды ult.kz.

Тергеу барысында жалпы құны 13 миллион теңгені құрайтын 868 қорап аяқ киім тиелген жүк көлігінің белгіленген бағыттан ауытқығаны анықталды. Көлікке жүргізілген тексеру кезінде тауардың толық емес екені белгілі болды.

Жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде жүк көлігі Шымкент қаласы аумағынан анықталды. Оның ішіндегі тауар айғақты зат ретінде тәркіленіп, заңда белгіленген тәртіппен иесіне қайтарылды. Кәсіпорынға келтірілген материалдық шығын толық көлемде өтелді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша күдікті анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.