ҚҰДАСОВ Сейсенбай Жолайұлы, 1956 жылы 20 қыркүйекте Талдықорған облысы, Қапал ауданы( қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы), Қызылағаш ауылында туған.
Білімі жоғары:1979 жылы С.М. Киров атынд. Қазақ мемлекеттік университеті(қазіргі әл-Фараби атынд. ҚазҰУ) филология факультетінің күндізгі бөлімін қазақ тілі мен әдебиеті бойынша бітірген.Мамандығы: филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы.
1984-1987 жж. ҚазССР ҒА Тіл білімі институтының аспирантурасында оқыған.

Еңбек жолы:
1979-1994 жж. кіші(1979-1984, 1987-1990), ғылыми(1990-1993) және аға ғылыми қызметкер(1993-1994). (Алматы).
1994-1995 жж. ҚР ҰҒА Р.Б. Сүлейменов атынд. Шығыстану Орталығы Түркология бөлімініңаға ғылыми қызметкері.
1995-1996 жж. Қ.А. Ясауи ат. ХҚТУ қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы;
1996-1997 жж. М. Әуезов ат. ОҚГУ қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы;
1998-2005 жж. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті қазақ тілі кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, факультет деканы, кафедра меңгерушісі;
2005-2016 жж. М. Әуезов ат. ОҚМУ Н. Келімбетов атынд. «Түркология» ҒЗО аға ғылыми қызметкері;
2016 жылдың маусым айынан бастап Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері (Түркістан).
2005 жылдан «Қазақстанның ғылыми әлемі - Научный мир Казахстана – Scientific world of Kazakhstan» халықаралық (ISSN 1815-9486) ғылыми журналы бас редакторының орынбасары, 2006 жылдан«Қазақтану» ғылыми журналы бас редакторының орынбасары қызметттерін қоса атқарып келеді.И. Арабаев атындагы Кыргыз мамлекеттик университетинин Жарчысы. Филологиялык илимдер журналының (Бишкек) редакция алқасының мүшесі.
Университетті бітірген (1979) жылы ҚазССР ҒА Тіл білімі институты жариялаған конкурстан өткен С. Құдасов алғашында ф.ғ.д., ҚазССР ҒА-ның корреспондент-мүшесі Ахмеди Ысқақов басқаратын Түсіндірме сөздік бөліміне кіші ғылыми қызметкер болып жұмысқа қабылданып, Бөлімнің жоспарлы жұмысына қатысады.
Институт директоры академик Әбдуәли Қайдаров С. Құдасовқа түркологияда аз зерттелген ортағасырлық армян жазулы қыпшақ ескерткіштерін зерттеумен шұғылдануға кеңес беріп, шәкіртін тың тақырыпқа салады. Зерттеу тақырыбына байланысты 1981 жылы Түркология және қазақ тілінің таихы бөліміне ауысып, орта ғасырлық армян жазулы қыпшақ ескерткіштерін зерттеумен шұғылдана бастайды. Академик Ісмет Кеңесбаев басқаратын бұл Бөлімде Әбжан Құрышжанұлы, Құлмат Өмірәлиев, Бабаш Әбідқасымов, Әрсен Ибатов, Есет Жұбанов, Балқаш Бафин, Тоқтар Арынов сияқты тіл тарихының бетке ұстар мамандары жұмыс істейтін. С. Құдасовтың қалыптасуына аталған ғалымдардың игі әсерлері мол болғаны анық.
Армян-жазулы қыпшақ ескерткіштерін зерттеу Қазақстанда ғана емес әрісі әлемдік түркологияда, берісі Кеңес Одағында кенжелеп дамып келе жатқан ғылым саласы болатын. Ол жылдары шетелдік басылымдарға қол жете бермейтін, алТ.И. Груниннің 1967 жылы жариялаған 1559-1567 жылдарды қамтыған, немістермен соғыс кезінде жоғалып кеткен № 4386акт кітабынан басқа, Украинада А.Н. Гаркавец пен Я.Р. Дашкевичтердің, Қазанда И. Абдуллиннің еңбектері енді-енді жарық көре бастаған кезең еді. Осы қиын да қызық тақырыпты зерттеу жас маманға сеніп тапсырылды. Оның алдында армян жазулы қыпшақ ескерткіштерінің мәтіндерін оқып, тіліне талдау жүргізу үшін, алдымен армян әліпбиінің орта ғасырлық нұсқасын игеру, оның қыпшақ тілінің сөздерін белгілеудегі ерекшеліктері мен өзіндік жүйесін (себебі армян тілі мен түркі тілдерінің дыбыстық құрамы сәйкес келе бермейтіндіктен, таңбалардың позициялық қолданыс, қосар таңбалармен белгілеу ерекешеліктерін), мәтіндерде көп кездесетін славян, армян сөздерінің мағыналарын анықтаудан басқа, славян тілдерінің әсерінен құрылымы бұзылған сөйлемдердіңграмматикалық ерекшеліктерін дұрыс айқындау сияқты айтуға жеңіл болғанымен, орындалуы қиын міндеттер тұрды.

Ұстазы Ә. Қайдаровтың көмегімен армян-қыпшақ ескерткіштерін зерттеп жүрген ғалымдармен – Польшада Эдвард Трыярски, Украинада А.Н. Гаркавец, Татарстанда И. Абдуллиндермен ғылыми байланыстар орнатады. 1982 жылы Киев, Қазан қалаларында іссапарда болып, Киев архивіндегі армян-қыпшақ тіліндегі қолжазбалармен танысады, жоғарыда аталған мамандардан кеңес алады. 1984 жылы Украинаның Киевтегі Орталық-тарихи архивіне алты айға іссапарға жіберіліп, ол жерде сақтаулы тұрғанXVI-XVII ғғ. қыпшақ тілінде жазылғанКаменец-Подольскі войты сотының 28 акт кітабымен толық танысып, оларды зерттеу нысанына айналдырады.
Ғалымның қазақ оқырмандарын армян жазулы қыпшақ ескерткіштерімен таныстырған еңбегі 1991 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Дана Хикар сөзінің» тілі» атты монографиясы болатын. Көлемі шағын болғанымен көтерген жүгі ауыр бұл еңбекте армян жазулы қыпшақ ескерткіштері ішіндегі көркем-дидактикалықжанрдағы «Дана Хикар сөзі» тұңғыш рет түпнұсқадан қазақ тіліне аударылып жарияланды. Кітапта мәтін түпнұсқасының фотокөшірмесі, қазақ әліпбиіндегі транскрипциясы мен аудармасы, қыпшақша-қазақша сөздігі беріліп, ескерткіш тілі графофонетикалық, грамматикалық және лексикалық тұрғыдан сараланған. «Дана Хикар сөзінің» тілі» түркологияға, оның ішінде қазақ тілі тарихына қосылған үлкен үлес ретінде бағаланатыны – Кеңестер Одағында, Т.И. Грунин жариялаған акт кітабынан кейін,армян жазулы қыпшақ ескерткішінің толық нұсқасының жарық көруі болатын. С. Құдасовқа 1991 жылы ҚазССР ҒА Жас ғалымдарға арналған арнайы сыйлығының берілуі де, осы еңбектің қаз-қалпында Мемлекеттік «Мәдени мұра» аясында жарияланған 20 томдық «Әдеби жәдігерлер» сериясына енгнізілуі де ескерткіштің тек қазақ тілінің тарихы үшін ғана емес, қазақ әдебиетінің тарихы үшін де өзіндік орны бар екендігінің куәсі болмақ.Кейінгі жылдары Түркия, Голландия,Әзербайжан және отандық ғалымдар тарапынан жарияланып жатқан армян жазулы қыпшақ ескерткіштеріне және қазақ тілі тарихына қатысты зерттеулерде С. Құдасовтың еңбектеріне үнемі сілтемелер беріліп отыруы да ғалым еңбегінің маңыздылығын көрсетсе керек.

С. Құдасов 2011жылы Астанадағы Л. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің шақыруымен түркология кафедрасының магистранттарына армян-қыпшақ ескерткіштері бойынша лекция оқып, семинарлар өткізді. Нәтижесінде төрт магистрант армян-қыпшақ ескерткіштерінен диплом жазды, біреуі қазір осы сала бойынша докторантурада білім алуда. Сөйтіп елімізде алғаш рет ортағасырлық армян жазулы қыпшақ ескерткіштері бойынша арнайы мамандар даярланды.
С. Құдасов зерттеу тақырыбы бойынша бірнеше халықаралық түркологиялық конгрестер мен конференцияларда ғылыми бандамалар жасады.
Армян және армян жазулы қыпшақ тіліндегі қолжазбаларды зерттеу нәтижесінде 1 монография (1990), 3 кітап: екеуі Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша (2000, 2010, 2013), армян-қыпшақ ескерткіштері және түркі мұралары бойынша республикалық және шетелдік ғылыми басылымдарда қазақ, орыс, қырғыз, түрік тілдерінде 70-тен астам ғылыми мақала жариялаған
1990 ж. жарияланған «Армян жазулы қыпшақ ескерткіші «Дана Хикар сөзінің» тілі» (-Алматы: Ғылым, 1990. - 7,4 б/т) атты монографияcы үшін 1991ж. ҚазССР ҒА арнайы дипломымен және «Жас ғалым» медалімен,қыпшақтану саласындағы нәтижелі еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Жастар Одағы (1990) мен ҚР Мәдениетжәне ақпарат министрлігінің(2007), Венгрияның «Кумания Кун-Кыпчак» Халықаралық ғылыми қоғамының (2009)Құрмет грамоталарымен, Қазақстан мен Қырғызстан ғалымдарының өзара ынтымақтастығына сіңірген еңбегі үшін Қырғыз Республикасы БҒМ И. Арабаев атынд. ҚМУ-нің арнайы дипломымен (2013), «Орталық Азия мен Қазақстан тарихына қатысты армян деректемелері» кітабы үшін және қазақ-армян ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесі үшін Армения ҰҒА-ның Алғысхатымен (2013) марапатталған.

Ғылыми іссапарлары:
Армян жазулы қыпшақ ескерткішін зерттеу мақсатыменУкраина (Киев, Львов 1982, 1984, 2012),Армения (Ереван, 2005, 2006, 2011, 2012) архивтері мен кітапханаларында жұмыс жасаған.
1993 жылы ҚР ҰҒА Тіл білімі институты ғалымдарының құрамында ҚХР ШУАР Ұлттық тіл және жазу комитетінің шақыруымен Құлжа, Үрүмші қалаларында ғылыми іссапарда болған.
Армян жазулы қыпшақ ескерткіштері саласының маманы ретінде ҚР Мәдениет ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті тарапынан Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында Арменияның М. Маштоц атындағыМатенадаран көне қолжазбалар институты мен АР Ұлттық мұрағаты қорында сақталған Қазақстан тарихына қатысты армян деректемелерінғылыми-іздеу, анықтау жұмыстарын жүргізу үшін 2005, 2006 жылдары Армения Республикасында арнайы іссапарда болды.



Нәтижесінде 2010 жылы V-XVII ғғ. армян тарихшыларының Орталық Азия мен Қазақстан тарихына қатысты еңбектері тұңғыш рет қазақ тіліне аударылып жарияланды.
С. Құдасовтың ұйытқы болуымен Халықаралық «Түркі академиясы» тарапынан 2011, 2012 жылдары Арменияға, 2012 жылы Украинаның Киев, Львов қалаларына арнайы ғылыми-іссапарлар ұйымдастырылып, нәтижесінде Армения аумағындағы араб жазулы эпиграфия-эпитафиялық ескерткіштердің, Киев, Львов қалаларының мұрағаттары мен кітапхана қорында сақталған армян жазулы қыпшақ тіліндегі көлемі 17 000 бетке жуық жазба мұралардың цифрлық фотокошірмелері алынып, Қазақстанға әкелінді (Орындаушылар С. Құдасов пен С. Боранбаев). Зерттеушілерін күтіп жатқан бұл жәдігерлер Қазақстаннан басқа ешбір түркі елдерінде жоқ теңдессіз мол қазына болып табылады.

Ғылыми-зерттеу Жобаларына қатысуы:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетімен жасалған келісімшарт бойынша 2008 жылы «Көне және орта түркі кезеңіндегі этномәдени ортақтықтарды зерттеу» жобасының «Жазба дереккөздер» тақырыбын орындауға қатысты.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтымен жасалған келісімшарт бойынша 2007-2009 жж. «Орталық Азия мен Қазақстан тарихына қатысты армян деректемелері» Жобасын орындауға қатысты.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі КеАҚ Түркі академиясымен арада жасалған келісімшарт бойынша 2011-2013 жылдары «Көне түркілердің іргелі және кескіндемелі қолданба өнерін түркі мәдени кешенінің қалыптасу аясында зерделеу» бағдарламасы аясындағы «Түркі тілдерінің тарихи дамуындағы ортатүркі жазба ескерткіштерінің орны мен мәні» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу Жобасының «Армян жазулы қыпшақ ескерткіштерінің тілі» бөлімін орындады.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі КеАҚ Түркі академиясымен арада жасалған келісімшарт бойынша 2014 жылы «Түркілердің тарихи-мәдени құндылықтары – қазіргі кезеңдегі қоғамның тұрақты даму ресурсы» бағдарламасы аясындағы «Ортағасырлық қыпшақтардың Грузиямен, Армениямен және Әзербайжанмен байланысы: тарихи-этнолингвистикалық зерттеу» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу Жобасын ғылыми жетекшісі әрі орындаушысы болды. Нәтижесінде «Львов коллекциясы: армянша-қыпшақша сөздіктің ғылыми транскрипциясы (Көлемі – 380 бет)» дайындалды.
Халықаралық ғылыми конгресстер мен конференцияларға қатысуы:
- 1. «Тюркская фонетика -90» І Всесоюзная конференция. 26-28 ноября 1990 г. -Алма-Ата, 1990.
- 2. «Жоғары кәсіби дайындық жүйесінде білім беру сапасын арттырудың қазіргі кезеңдегі мәселелері». Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция. материалдары. –Шымкент, 2003. 209-213 бб.
- 3. «THIRD INTERNATIONAL CONGRESS ON TURKIC CIVILIZATION GLOBALIZATION AND TURKIC CIVILIZATION». – Bishkek, May 28-31, 2007.
- 4. «Ғасырлар тоғысындағы түркі өркениеті: саясат, экономика және мәдениет». 2007 жылдың 19-20 сәуірінде Орал қаласында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Орал, 2007.
- 5. «Қазақ тілінің тарихы: алтай дәуірі – прототүрік кезеңі – көне түрік ескерткіштері» Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. Астана, 2007 ж. 30 қараша – 1 желтоқсан.
- 6. «Бүгінгі түркологияның өзекті мәселелері мен келешегі (ортақ тіл, тарих және әліпби). ІІІ Халықаралық түркологиялық конгресс» - Түркістан, 2009.
- 7. «Этнос және тіл». Академик Ә.Т. Қайдардың 85 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы, 2009.
- 8. «Жалпы тіл білімі және түркі тілдерінің өзекті мәселелері». Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті, Л.Н. Гумилев атынд. Еуразия ұлттық университеті. - Астана, 2010.
- 9. «Халықаралық түркітану симпозиумы». –Астана, 28-29 сәуір, 2011 ж.
- 10. «Урал-Алтай: через века в будущее»: V Всероссийская тюркологическая конференция, посвященной 80-летию Института истории, языка и литературы Уфимского научного центра РАН (21-22 июня 2012г.). –Уфа, 2012.
- 11. “THE KIPCHAKS OF EURASIA: HISTORY, LANGUAGE, AND WRITTEN RECORDS” MATERIALS OF INTERNATIONAL SCIENTIFIC CONFERENCE REPUBLIC OF KAZAHSTAN. – ASTANA, 2013.
- 12. Урал-Алтай: через века в будущее: VI Всероссийская тюркологическая конференция (с международным участием). - Уфа: ИИЯЛ УНЦ РАН, 2014.
- 13. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми-зерттеу институты ұйымдастыруымен «Қазақ мемлекеттілігіндегі Қазақ хандығының орны» атты 2015 жылғы 19–21 мамырда Түркістан қаласында өткен Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Түркістан, 2015.
- 14. ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті және Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Профессор Ә.Құрышжанұлының 85 жылдығына орай 2015 жылғы 27 қарашада өткен «Профессор Ә. Құрышжанұлы және түркі дүниесі: тіл, тарих, руханият» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. - Алматы, 2015.
- 15. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің ұйымдастыруымен «Түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті – қазақ хандығының рухани өзегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. 4-7 желтоқсан 2015 жыл. –Шымкент.
Ғылыми редакторлық жұмыстар:
- «Қазақстанның ғылыми әлемі - Научный мир Казахстана – Scientific world of Kazakhstan» халықаралық (ISSN 1815-9486) ғылыми журналы бас редакторының орынбасары (2005 жылдан бері).
- «Қазақтану» ғылыми журналы бас редакторының орынбасары (2006 жылдан бері).
- И. Арабаев атындагы Кыргыз мамлекеттик университетинин Жарчысы. Филологиялык илимдер журналының (Бишкек) редакция алқасының мүшесі.
Сейсенбай Жолайұлы Құдасовтың ғылыми еңбектері
Монография, кітаптар, көмекші оқу құралы:
- Армян жазулы қыпшақ ескерткіші «Дана Хикар сөзінің» тілі. Монография. –Алматы: «Ғылым», 1990 (7,41 б/т.). – 120 б.
- Дана Хикардың ұлына айтқан өсиеттері. –Шымкент: «Жібек жолы», 2000. - 31 б.
- Орталық Азия мен Қазақстан тарихына қатысты армян деректемелері. (Н. Базылханмен бірге) – Алматы: «Дайк-Пресс», 2010. – 248 б.+8 б. Жапсырма.
- Дана Хикар хикаясы. Аудармасы, факсимилесі, ғылыми түсініктемесі. // Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. 20 т. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2013. (11-37, 376-386 бб.).
- Ісқағаз жүргізуде жиі қолданылатын сөз тіркестері (Әдістемелік құрал) – Словосочетания часто употребляемые в делопроизводстве (Методическое пособие). – Шымкент: «Кітап» ЖШС, 2008. – 128 б. (құрастырушылардың бірі).
Халықаралық, республикалық ғылыми басылымдар мен жинақтарда жарияланған мақалалары:
1980 жыл
- 1. Көркем шығармадағы автор тілі (Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы бойынша). // Материалы Республиканской научной конференции молодых ученых и специалистов по общественным наукам, посвященной 110-й годовщине со дня рождения В.И. Ленина. 17-18 апреля 1980г. Тезисы докладов. –Алма-Ата: «Наука»,1981, 199-200 бб.
1986 жыл
- 2. Д. Досжанов шығармаларындағы көне сөздер. // Труды научной конференции молодых ученых АН КазССР посвященной 60 летию образования Казахской ССР и Компартии Казахстана. Депонирован в ИНИО АН СССР, № 17619. – Москва: «Наука», 1986, 10 стр.
- 3. Торговая лексика в языке армяно-кыпчакских памятниковXVI-XVIIвв. // Молодежь и научно-технический прогресс. Тезисы докладов конференции молодых ученых АН КазССР, -Алма-Ата: «Наука»,1986. 237-238 бб.
1989 жыл
- 4. Армян жазулы қыпшақ тілінің ескерткіштері. // Қазақ әдеби тілінің тарихи көздері (Ғылыми жинақ). –Алматы: «Ғылым», 1989. 177-184 бб.
- 5. «Дана Хикар сөзі» ескерткіші тіліндегі кірме сөздер. // Қазақ тілі – ғылым тілі. –Алматы: «Ғылым»,1989. 140-141 бб.
1990 жыл
- 6. «Дана Хикар сөзі» тілінің кейбір графо-фонетикалық ерекшеліктері. // «Тюркская фонетика -90» І Всесоюзная конференция. 26-28 ноября 1990 г. Тезисы докладов. -Алма-Ата, 1990.
- 7. А.Н. Гаркавец. Кыпчакские языки: куманский и армяно-кыпчакский. –Алма-Ата: «Наука», 1987. // «Советская тюркология», № 4, 1990. –Баку. (А. Ибатовпен бірге).
1991 жыл
- 8. Кеңесбай Мұсаевич Мұсаев 60 жаста. // ҚазССР ҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. –Алматы: «Ғылым», № 2, 1991 (Ә.Қайдаров, Е.Қажыбековтермен бірге).
2003 жыл
- 9. Армян жазулы қыпшақ ескерткіші «Дана Хикар сөзі» жайында. // Жоғары кәсіби дайындық жүйесінде білім беру сапасын арттырудың қазіргі кезеңдегі мәселелері. Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның материалдары. –Шымкент, 2003. 209-213 бб.
- 10. «Дана Хикар сөзі» жазба ескерткішін зерттеудің маңызы. // Жоғары кәсіби дайындық жүйесінде білім беру сапасын арттырудың қазіргі кезеңдегі мәселелері. Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның материалдары. –Шымкент, 2003. 213-216 бб.
- 11. Армян жазулы қыпшақ ескерткіші «Дана Хикар сөзі» тіліндегі араб-иран сөздері. // ОҚПУ-нің 10 жылдығына арналған «Білім беру мен ғылым дамуының өзекті мәселелері» атты ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. –Шымкент, 2003. 109-111 бб.
2005 жыл
- 12. Майдангер-ғалым (академик Ә.Т.Қайдар туралы). // «Қазақстанның ғылыми әлемі – Научный мир Казахстана» халықаралық журналы. № 1(01), 2005. 185-188 бб.
- 13. Деректанушы ғалым (академик Б.Е. Көмеков туралы).// «Қазақстанның ғылыми әлемі - Научный мир Казахстана» халықаралық журналы. № 2(02), 2005. 221-222 бб. (Қ.Анарбаевпен бірге).
- 14. Тарихтан сыр тартқан ғалым (Ә.Құрышжанұлының 75 жасқа толуына орай). // «Қазақстанның ғылыми әлемі – Научный мир Казахстана» халықаралық журналы. № 3(03)-4(04), 2005. 160-162 бб. (С.Боранбаевпен бірге).
- 15. Ғылымға қызмет еткен ғұмыр (Иштван Мандоки Қоңыр жайында). // «Қазақстанның ғылыми әлемі – Научный мир Казахстана» халықаралық журналы. № 3(03)-4(04), 2005. 163-164 бб.
2006 жыл
- 16. Іргелі ізденіс (Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік аспек- тілері. –А.: «Арыс», 2006). // «Қазақстанның ғылыми әлемі - Научный мир Казахстана» халықаралық журналы, № 3(07)-4(08), 2006. 174 б.
2007 жыл
- 17. V-XVII ғасырлардағы Орталық Азия мен Қазақстан тарихына қатысты армян дереккөздері. // «Қазақстанның ғылыми әлемі - Научный мир Казахстана» халықаралық журналы, № 2(12), 2007. 189-193 бб.
- 18. Лексические особенности армяно-кыпчакского памятника «Слово Мудрого Хикара» (ХVІІ вв.). // THIRD INTERNATIONAL CONGRESS ON TURKIC CIVILIZATION GLOBALIZATION AND TURKIC CIVILIZATION. ABSTRACTS. – Bishkek, May 28-31,2007.S. 27-28.
- 19. «Дана Хикар сөзі» тіліндегі дауысты дыбыстардың графо-фонетикалық ерекшеліктері // Ғасырлар тоғысындағы түркі өркениеті: саясат, экономика және мәдениет. 2007 жылдың 19-20 сәуірінде Орал қаласында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Орал, 2007. 89-92 беттер.
- 20. V-XVII ғасырлардағы Орталық Азия мен Қазақстан тарихына қатысты армян дереккөздері. // «Қазақтану» халықаралық журналы, №1(02), 2007.
- 21. Қ. Ғабитханұлы. Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі. // «Қазақстанның ғылыми әлемі - Научный мир Казахстана» халықаралық журналы, № 1(11), 2007.
- 22. Ескі қыпшақ тіліне арналған зерттеу (Есбосынов Е. Ескі қыпшақ тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері. Абу Хайиан еңбегі бойынша, XIVғ.) // «Қазақстанның ғылыми әлемі - Научный мир Казахстана» халықаралық журналы, № 3(13)-4(14), 2007. 208-209 бб.
- 23. Ильясова З.С. Ортағасырлық қазақстан тарихын оқытудағы IX-XIII ғғ. араб дереккөздері: Оқу құралы. -Түркістан, 2007. -193 б. (Рецензенттің бірі).
2008 жыл
- 24. Лексические особенности армянописьменного кыпчакского памятника «Слово Мудрого Хикара» (XVI-ХVІІ вв.). // Түркологиялык жыйнак, І. -Бишкек: Bilge, 2008. 52-55 бб.
- 25. Кавказ қыпшақтары және армян-қыпшақ ескерткіштері //«Қазақтану» халықаралық журналы, №3(08)-4(09), 2008. 127-133бб.
- 26. Сөз мәйегін терген ғалым (профессор Б.Қ.Момынова туралы). // «Қазақстанның ғылыми әлемі – Научный мир Казахстана» халықаралық журналы. № 1(17), 2008. 208-211бб.
2009 жыл
- 27. Қыпшақ тіліндегі жазба ескерткіштерді зерттеу мәселелері // Бүгінгі түркологияның өзекті мәселелері мен келешегі (ортақ тіл, тарих және әліпби). ІІІ Халықаралық түркология конгресінің материалдары, - Түркістан, 2009. 173-176 бб.
- 28. Қыпшақ тіліндегі ортағасырлық жазба ескерткіштерді зерттеудің кейбір мәселелері // «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» халықаралық журналы, № 1, 2009. -Алматы. 58-62 бб.
- 29. Кавказ қыпшақтары және армян-қыпшақ ескерткіштері. // Этнос және тіл. Академик Ә.Т. Қайдардың 85 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы, 2009. 78-82 бб.
- 30. Тұғыры биік тұлға (Ғалым-жазушы Қ.Салғараұлы 70 жаста). // «Қазақстанның ғылыми әлемі – Научный мир Казахстана» халықаралық журналы. № 2(24), 2009. 207-209 бб. (Н.Сарыпбековпен бірге).
- 31. Ұлтын ұлықтаған ғалым (Қ. Салғараұлының 70 жылдығына) //«Қазақтану» халықаралық журналы, №1(10)-2(11), 2009.
- 32. Академик Орузбаева Бүбүйна Өмүрзаковна 85 жаста. // Қазақтану» халықаралық журналы, №3(12)-4(14), 2009. 199-201бб. (С.Ж.Мусаев, Р.Э. Конурбаевалармен бірге).
- 33. Кавказ қыпшақтары // Тоқсан екі баулы қыпшақ: Бұлтың ата ұрпақтары. – Қызылорда, 2009. –812-816 бб.
- 34. Армян-қыпшақ жазба ескерткіштері // // Тоқсан екі баулы қыпшақ: Бұлтың ата ұрпақтары. – Қызылорда, 2009. – 816-819 бб.
2010 жыл
- 35. Кыпчак тилиндеги жазма эстеликтерди изилдөө маселелери // И. Арабаев атынд. Кыргыз мамлекеттик университетинин «Жарчысы», Филологиялык илимдер. Чыгарылычы: 3. –Бишкек, 2010. 13-19 бб.
- 36. Товма Мецопеци. Темірлан және оның ізбасарларының тарихы. ///«Қазақтану» халықаралық журналы, №2(15), 2010. 41-46 бб.
- 37. Товма Мецопеци. Темірлан және оның ізбасарларының тарихы (жалғасы). //«Қазақтану» халықаралық журналы, №3(16)-№4(17), 2010.
- 38. Кейкі батыр туралы // «Қазақтану» халықаралық журналы, №3(16)-№4(17), 2010
- 39. Ортағасырлық армян жазулы қыпшақ ескерткіштерін зерттеу мәселесі //«Жалпы тіл білімі және түркі тілдерінің өзекті мәселелері». Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті, Л.Н. Гумилев атынд. Еуразия ұлттық университеті. - Астана, 2010. 150-155 бб.
- 40. Қыпшақтанудың негізін салған ғалым (Ә. Құрышжанұлының 80 жылдығына) (С. Боранбаевпен бірге). //«Қазақтану» халықаралық журналы, №3(16)-№4(17), 2010.
2011 жыл
- 41. Kıpçakça yazmış eserleri araştırma ve incelenme meseleleri. // «Алтаистика және түркология журналы». – Астана, -№ 1, 2011. 53-58 бб.
- 42. Армян қыпшақ тіліндегі ескерткіштерді зерттеудің ерекшеліктері. // «Алтаистика және түркология журналы». –Астана, 2011. -№ 2, 79-83 бб.
- 43. «Дана Хикар сөзі» тілінің морфологиялық ерекшеліктері. // Халықаралық түркітану симпозиумы. –Астана, 28-29 сәуір, 2011 ж.
- 44. Армян-қыпшақ ескерткіштері тіліндегі дауыссыз дыбыстардың графофонетикалық ерекшеліктері. // «Қазақстанның ғылыми әлемі – Научный мир Казахстана» халықаралық журналы, -№5(39)-6(40), 2011. 16-19 бб. (0,4 б/т).
- 45. “Каменец хроникасы” (XVIIғ.) тіліндегі зат есім жұрнақтарының сипаты. // «Қазақтану-Казаховедение» журналы. № 3(20)-4 (21), 2011. 68-71 бб. (0,3 б/т).
- 46. Біз білетін Кейкі кім? // «Қазақстан әйелдері» республикалық журналы, №3, 2011.
2012 жыл
- 47. Армян-қыпшақ ескерткіштері тілінің лексикалық құрамы жайында. // “Дамыта оқытудағы инновациялық технологиялардың әдіснамалық негіздері”: п.ғ.д., профессор Амангелді Жапбаровтың 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Шымкент, 2012. (0,3 б/т).
- 48. Явление трансонимизации в тюркской топономии // Вестник Кыргызского национального университета им. И. Арабаева, Филологические науки: 9 Выпуск. –Бишкек, 2012. С. 91-95 (Соавтор Мынбаев Н.Ж.).
- 49. Лексические особенности языка армянописьменного кыпчакского памятника «Слово Мудрого Хикара» // Материалы V Всероссийской тюркологической конференции, посвященной 80-летию Института истории, языка и литературы Уфимского научного центра РАН «Урал-Алтай: через века в будущее» (21-22 июня 2012г.). Т.2. –Уфа, 2012.
2013 жыл
- 50. Армян-қыпшақ ескерткіштері тілінің морфологиялық ерекшеліктері // «Әуезов оқулары - 2013» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Шымкент, 2013. (0,3 б/т).
- 51. XVI-XVII ғғ. армян әліпбиімен жазылған қыпшақ тілі ескерткіштері: зерттелуі мен өзекті мәселелері // “THE KIPCHAKS OF EURASIA: HISTORY, LANGUAGE, AND WRITTEN RECORDS” MATERIALS OF INTERNATIONAL SCIENTIFIC CONFERENCE REPUBLIC OF KAZAHSTAN. – ASTANA, 2013. S.251-260.
- 52. Армян-қыпшақ ескерткіштері тілі сөздік қорының қазақ тілі лексикасымен сабақтастығы мен айырмашылығы // «Қазақтану-Казаховедение» журналы. № 2(27), –Шымкент, 2013. 37-41 бб.
- 53. Армян-қыпшақтары Кавказда және Еуропада // Түркі жазуы құпиясы ашылуының 120 жылдығына арналған «Еуразиялық интеграция: тарих және қазіргі кезең» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. –Шымкент, 2013.
- 54. Рецензия: Мырзабек Чокотегиннің «Кыргыз боз үйүнүн жаралышы, жасалышы, пайдаланышы жана алардагы тарыхый-маданияттык баалуулуктар» зерттеу кітабына пікір // Кыргыз элинин уюткулуу сырлары. Кыргыз боз үйүнүн жаралышы, жасалышы, пайдаланышы жана алардагы тарыхый-маданияттык баалуулуктар. – Бишкек: Алтын-Принт, 2013. - 4-5 беттер.
- 55. Рецензия: Мырзабек Чокотегин. Тоо көчмөндөрүнүн туурак-жайларынын этногенздик жана маданияттык негиздери. –Бишкек, 2011. -147 б. // «Қазақтану-Казаховедение» журналы. № 2(27), –Шымкент, 2013. 190-191 бб.
- 56. Ғалым – азамат. Профессор С.Ж. Мусаевтың 60 жылдығына // «Қазақтану-Казаховедение» журналы. № 3-4(28-29), –Шымкент, 2013.
- 57. Алатаудай асқар тұлға. Профессор С.Ж. Мусаевтың туғанына 60 жыл // «Қазақстанның ғылыми әлемі – Научный мир Казахстана» халықаралық журналы, -№3-6(49-52), 2013. 411-413 бб.
2014 жыл
- 58. V-XVII ғасырлардағы Орталық Азия мен Қазақстан тарихына қатысты армян дереккөздері // Урал-Алтай: через века в будущее: Материалы VI Всероссийской тюркологической конференции (с международным участием). - Уфа: ИИЯЛ УНЦ РАН, 2014. 225-229 бб.
- 59. Армян-қыпшақ ескерткіштері тілі сөздік қорын қазақ тілімен салыстыру нәтижелерінен // Milli Medeniyet, Sayı 25. Afyonkarakisar-Kazan, 2014. 85-90 бб.
- 60. Құмықтардың наурыз жыры// «Қазақтану-Казаховедение» журналы. № 1 (30), 2014. 147-152 бб.
- 61. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. // «Қазақтану-Казаховедение» журналы. № 1 (30), 2014. 159-161 бб.
- 62. Құмықтардың қазақ жырлары// «Қазақтану-Казаховедение» журналы. № 2 (31), 2014. -91-106 бб.
- 63. Тұғыры биік тұлға. Ғалым-жазушы Қ. Салғараұлының 75 жылдығына // «Қазақтану-Казаховедение» журналы. № 1 (30), 2014. 153-155 бб. (Қ. Анарбаевпен бірге)
2015 жыл
- 64. Құмық жырлары: Къарткъожакъ булан Макъсуман // «Қазақтану-Казаховедение» журналы. № 1 (35), 2015.
- 65. Армян жазулы қыпшақ ескерткіштері тiлi мен қазақ тiлiндегi ортақ сөздік қордың сипаты // Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми-зерттеу институты ұйымдастыруымен «Қазақ мемлекеттілігіндегі Қазақ хандығының орны» атты 2015 жылы 19–21 мамыр Түркістан қаласында өткен Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Түркістан, 2015.
- 66. Қыпшақтану ғылымының негізін салған ғалым // ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті және Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Профессор Ә. Құрышжанұлының 85 жылдығына орай 2015 жылғы 27 қарашада өткен «Профессор Ә. Құрышжанұлы және түркі дүниесі: тіл, тарих, руханият» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. - Алматы, 2015.
- 67. Армян жазулы қыпшақ ескерткіштерінің қазақ тілінің тарихына қатысы мәселесіне //ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті және Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Профессор Ә.Құрышжанұлының 85 жылдығына орай 2015 жылғы 27 қарашада өткен «Профессор Ә. Құрышжанұлы және түркі дүниесі: тіл, тарих, руханият» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. - Алматы, 2015. (С. Төребековамен бірге).
- 68. Армян жазулы қыпшақ ескерткіштері және қазақ тілінің тарихы мәселесі // «Қазақтану-Казаховедение» журналы. № 2 (36), 2015. (С. Төребековамен бірге)
- 69. Қыпшақ ескерткіштері тілінің өзіндік морфологиялық ерекшеліктері жайында // «Түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті – қазақ хандығының рухани өзегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. 4-7 желтоқсан. –Шымкент: «Әлем» баспасы, 2015. -322 б. ІІІ бөлім. -8-12 бб. (Г.Н. Нурғазинамен бірге)
- 70. Академик Б.Е. Көмеков 75 жаста //«Қазақтану-Казаховедение» журналы. № 2 (36), 2015. (Қ. Анарбаевпен бірге).
2016 жыл
- 71. Кавказсырты жеріндегі түркі-қыпшақ негізді армян антропонимдері // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология сериясы. – Алматы, 2016.
- 72. Армян-қыпшақ тіліндегі сот жазбаларының тарихи-тілдік маңызы (XVI-XVII ғғ.) // «Қазақстанның ғылыми әлемі» журналы, -Шымкент, 2016.
- 73. Қыпшақтардың Оңтүстік Кавказдағы іздері // Алтаистика және түркология. –Астана, 2016 (баспада).
- 74. Армения мен Грузиядағытүркі-қыпшақ этнотопонимдерінің сипаты // «Мәдени мұра» журналы. –Астана, 2016.
- 75. Қыпшақ жазба ескерткіштері тіліндегі этномәдени лексиканы зерттеу мәселесіне // «Түркология» журналы. –Түркістан, 2016.
Ұлт порталы